«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағынажәне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы КодексінесәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1.«Биденза», өндірушісі «БДР Фармасьютикалс Интернейшнл Пвт. Лтд.», Үндістан, ҚР-ДЗ-5№025030 дәрілік затыныңтіркеу куәлігінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
3.Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
4.Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1)қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) «Биденза» дәрілік затынқолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;
2) «Биденза» дәрілік затын қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л. Р. Кашкымбаеваға жүктелсін.
Негіздеме:Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 наурыздағы № 6001-22-00-6А/2177 (2) қаулысы және Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № 7199-23-00-4а/141 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетініңтөрағасының
міндетін атқарушы Л. Ахметнияз