«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болыптіркелген)сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.«LG Chem, Ltd», Корея Республикасыөндірушісі,«Земигло, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг» дәрілік затыныңтіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№021478кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіздеме: «Swixx Biopharma (Свикс Биофарма)» ЖШС-ның 2023 жылғы 11 сәуірдегі № REG0121-04-2023 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетініңтөрағасының
міндетін атқарушы Л. Қашқымбаева