№ 95-НҚ от 03.03.2023 «Каксета үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг және 500 мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

Қазақстан Республикасы Заңының«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сәуірдегі 65-бабы3 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.«Каксета үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг және 500 мг», өндірушісі «Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.», Үндістан, ҚР-ДЗ-5№020352, ҚР-ДЗ-5№020353дәрілік затыныңтіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.

  1. «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті төрағасының 2022 жылғы 13 сәуірдегі №142 - НҚ бұйрығына өзгеріс енгізілсін:

Бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбедегі13, 14-жолдар алынып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет)Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  2. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

         

 

 

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме:Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 14 желтоқсандағы№25-08-1232/Ихаты.

         

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетініңтөрағасының

міндетін атқарушы                                                        Л. Қашқымбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     
Дата публикации
31 октября 2023