«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы
3-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Гидрокстиэтилкрахмал 200/0,5, Гидроксиэтилкрахмал 130/0,4, Гекодез, ГЭК-200 АФ, ГЭК-200 АФ» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің төрағасының 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 138-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің иелеріне, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және «СК-Фармация» ЖШС хабарласын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л.Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 13 қантардағы
№ 25-06-44/64 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
төраға міндетін атқарушы Л. Ахметнияз