№ 64-НҚ от 09.02.2023 Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

         1.Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  2. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төраға орынбасары Л. Р. Кашкымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Синтез» ЖАҚ-ның 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 274, 275, 276, 277, 278, 279 хаттары.

        

                                  

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасының

міндетін атқарушы                                                            Л. Ахметнияз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті м. а. төрағасының

2023 жылғы ___ ақпандағы

№ ____ бұйрығына қосымша

 

 

Дәрілік заттардың тоқтатылуға тиісті тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, мемлекет

ҚР-ДЗ-5№019098

29.03.2018

НАТРИЯ ХЛОРИД

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№019356

16.02.2018

ЛИНКОМИЦИН

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№013691

20.01.2020

АМИТРИПТИЛИН-АКОС

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№014178

05.01.2020

ВЕДИКАРДОЛ

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№014179

05.01.2020

ВЕДИКАРДОЛ

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№014513

27.01.2020

АЦЕКАРДОЛ

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№014512

27.01.2020

АЦЕКАРДОЛ

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№013878

05.02.2020

АМЛОРУС

ААҚ «Синтез», Ресей

ҚР-ДЗ-5№013879

05.02.2020

АМЛОРУС

ААҚ «Синтез», Ресей

 



Дата публикации
30 октября 2023