№ 10-Қ от 03.02.2023 Дәрілік заттың сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді)
(бұдан әрі – Ереже), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттың сериясы (партиясы) тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және «СК-Фармация» ЖШС жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 4-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.

  1. Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің ұстаушыға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізілген дәрілік заттардың саны және қолданылуы тоқтатыла тұрған дәрілік заттардың қалдықтары туралы ақпарат мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне берілсін;

2) сериясы тоқтатыла тұрған дәрілік зат бар субъектілерге дәрілік затты қайтару қажеттілігі туралы (жазбаша еркін нысанда) хабардар етсін.

  1. Дәрілік заттың тоқтата тұрған сериясы (партиясы) бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттың сериясы (партиясы) қайтару қажеттігі туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға дәрілік затты қайтару туралы ақпарат ұсынсын.ъ
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 2 ақпан
№ 26-14-135/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Кашкымбаева

     

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Бас фармацевтикалық

инспектордың 2023 жылғы _

 ___ ақпанды № _____

қаулысына қосымша

 

Дәрілік заттың сериясын (партисын)

тоқтата тұруға жататын тізбесі

 

№

р/н

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

Серия (партия) нөмірі, жарамдылық мерзімі, саны

1.

ҚР-ДЗ-5№021346

Азицин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500мг

Adamed Pharma S.A., Польша

серия (lot) 12601552, 2024 жылдың қарашасына дейін жарамды, 1000 дана

 

Дата публикации
27 октября 2023