«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
3.Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
4.Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1)қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;
2) қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
Негіздеме:Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 6001-22-6ап-2/1219 қаулысы және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 7194-21-00-4/1572 ұйғарымы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетініңтөрағасының
міндетін атқарушы Л. Ахметнияз