№ 2-Қ от 10.01.2023 Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 9) тармақшаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді)
(бұдан әрі – Ереже), ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкесдәрілік заттардың тіркеу куәліктерініңкүші тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚжәне «СК-Фармация» ЖШС жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10 және
    11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарына берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрсын.
  4. Дәрілік заттары бар субъектілер дәрілік заттарды қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қағидалардың 15-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, тіркеу куәлігін ұстаушыға, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жіберсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: ШЖҚ РМК-ның«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» 2023 жылғы 9қантардағы
№ 25-06-23/3364хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Кашкымбаева

 

 

 

 

Дата публикации
05 октября 2023