Фармацевтикалық қоғам өкілдерімен тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды.

2023 жылдың 15 наурызында ҚР ДСМ МФБК Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) фармацевтикалық қоғам өкілдерінің қатысуымен онлайн семинар-кеңес өткізілді. Кездесу тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу мәселелеріне арналды.

Мәжіліс барысында «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығында көрсетілген тиісті дәріханалық тәжірибе стандартының (GPP) негізгі талаптары талқыланды. Оның ішінде, инспекция кезінде дәріханада болуы қажет журналдар мысалына, мәліметтер тізіміне (СОП) айрықша назар аударылды.

Департамент басшысы А.Латыпова тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу фармацевтикалық нарық жүйесінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол, сондай-ақ, тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу көрсеткішін арттыру үшін фармацевтикалық ұйым басшыларына тұтас шаралар кешенін енгізу және жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Өз кезегінде фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының төрағасы У.Есенов, сондай-ақ, аталмыш қауымдастық мүшесі Б.Арынов сөз алып, тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу маңыздылығына тоқталып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының фармацевтикалық ұйымдарында тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын енгізу бойынша іс-шараларды жеделдету жөніндегі ұсыныстар назарға алынды.

 

 

 

 

Дата публикации
17 марта 2023