Фармацевтикалық қоғам өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Фармацевтикалық қоғам өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ҚР ДСМ МФБК Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) фармацевтикалық қоғам өкілдерінің қатысуымен онлайн семинар-кеңес өткізілді. Кездесу Департамент басшысы Алия Латыпованың жетекшілігімен өтті.

Кездесуге фармацевтикалық ұйым басшылары, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ, аталмыш қауымдастық мүшелері қатысты.

2022 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда қабылданған Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерге сай, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері бірнеше есеге өсті. Мәселен, егер  тұлға 100 мың теңге сомасындағы пара беру дерегімен сотталса, онда сот азаматқа тағайындалуы мүмкін ең төменгі еселенген айыппұлдың жаңа заңнамаға сәйкес мөлшерінің көбейгендігін ескере отырып, параның 20 еселенген сомасын  тағайындай алады. Яғни айыппұл 2 млн.теңгені құрайтын болады. Бұған дейін ең төменгі айыппұл көлемі 1 млн.теңгені құраған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл фармацевтикалық нарықта көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтеміз. Өз кезегінде, департамент фармацевтикалық қауымдастықтардан келіп түсетін ұсыныстар үшін ашық және толғандыратын мәселелердің бәрін айқын талқылауға дайын. Осы мақсатта фармацевтикалық қоғам өкілдерімен осындай кездесулер жүйелі өткізілетін болады.

 

Дата публикации
17 марта 2023