2023 жылдың 01 наурызында ҚР ДСМ МФБК Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – департамент) дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар туралы карта-хабарламаны тіркеу мәселесі бойынша фармацевтикалық қоғам өкілдерінің қатысуымен онлайн семинар-кеңес өткізілді.
Департамент бөлімінің басшысы Елеуова Д.М. семинарда сөз бастап, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - субъектілер) дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары немесе медициналық бұйымдардың қолдану кезінде жағымсыз оқиғалары туралы ақпаратты ШЖҚ РМК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» (бұдан әрі - Сараптама ұйымы) https://www.ndda.kz Порталы арқылы уақтылы жіберуі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, департаментпен Сараптама ұйымы Порталында субъектілердің тіркелуін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізілгені айтылды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдарының Порталда тіркелу деңгейі: мемлекеттік 100%, жекеменшік 15% құрайды. Елеуова Д.М. жеке компаниялар басшыларының Порталға тіркелуді жеделдету маңыздылығын атап өтті.
ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-320/2020 «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізгі талаптары бойынша департамент бөлімінің басшысы Нұрманова Л.Қ. баяндама жасады.
Аталмыш бұйрықтың 2-тарауы 1-параграфының 4-тармағына сәйкес, дәрілік препаратты, соның ішінде вакциналарды қолданудың жағымсыз салдарлары туралы мәліметті осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер, сондай-ақ, дәрілік препараттың жағымсыз әсерлері туралы карта-хабарлама түрінде дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің ұстаушысы ұсынады.
ШЖҚ РМК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» nnda.kz ресми сайтында автоматтандырылған ақпараттық жүйе - «Дәрілік заттардың жанама әсерлері» бірыңғай ұлттық деректер базасы, жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты электронды түрде ұсынуға мүмкіндік береді.
Хабарламаларды онлайн жіберу мүмкін болмаған жағдайда, толтырылған хабарлама картасын (қағаз нұсқасы) кез келген қолжетімді әдіспен, соның ішінде, электрондық поштаны қоса алғанда (farm@dari.kz), ҰЦКМ фармакологиялық қадағалау департаментіне жіберу керек.
Бүгінгі таңда «Тан», «Арс», «Миллениум», «Б.У.С», «Doctor Plus», «Желдорфармация» сияқты дәріханалар Порталда тіркелген.
Сонымен қатар, семинар барысында талаптарының бірі – фармаконадзор боп табылатын «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Департамент қызметкерлері фармацевтикалық қоғам өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға ұсыныстар мен нақты жауаптар берді.