Әлеуметтік желілерде «ДОК-1 Макс» препаратының қолданылуы бойынша ақпараттардың кең таралуына байланысты 2023 жылдың 16 қаңтарында ҚР ДСМ МФК Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) фармацевтикалық қоғам өкілдерінің қатысуымен ZOOM қосымшасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.
Департамент бөлімінің басшысы Елеуова Д.М.Өзбекстан Республикасында «ДОК-1 Макс» препаратын қабылдаудың ауыр зардаптары, оның ішінде 18 баланың қайтыс болуы туралы ақпаратқа тоқтала келе, ҚР ДСМ МФК 2023 жылдың 12 қаңтарындағы шығ.№25-03-25/112-И хаты негізінде тіркелмеген ДЗ бойынша оқыс оқиғаларды болдырмау,сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін ұстану аса маңызды екенін атап өтті.
Департамент бөлімінің басшысы Елеуова Д.М.семинар-кеңесті жалғастыра келе,жоғарыда аталған препарат бойынша ғана емес, барлық рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 233-бабының 5-тармағына сәйкес,нұсқаулығыбойыншабосату қағидаларын қатаң сақтауды еске салды.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған заң талаптарын бұзу жағдайларында айыппұл белгіленген: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ-ның 426-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Сонымен қатар, «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы бойынша баяндама жасалынды
Семинар кеңес барысында сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.