Фармацевтикалық қызмет саласындағы мамандарды сертификаттау

2022 жылдың 28 желтоқсанында ҚР ДСМ МФК Ақтөбе облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі – Департамент) фармацевтикалық қоғам өкілдерінің қатысуымен фармацевтикалық қызмет саласындағы мамандарды сертификаттау және өзге де сұрақтар бойынша онлайн түрде семинар-кеңес өткізілді.

      Кездесу барысында департамент бөлімінің басшысы Елеуова Д.М. ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына (15.11.2022 № ҚР ДСМ-134 өзгертулер мен толықтыруларын қоса алғанда (24.11.2022 бастап күшіне енді) тоқталып өтті.

         Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман сертификатын растау үшін негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша өтінішті ҚР ДСМ МФК аумақтық департаменттеріне "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жібереді.

      Сондай-ақ, семинар барысында маман сертификатын алу үшін фармацевтикалық білімі бар жеке тұлға мәлімденден мамандық бойынша сертификаттау сәтінде ұсынуы тиіс құжаттар тізімі, сондай-ақ, шетелдік маманның сертификат алу қағидаттары таныстырылды.

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Сонымен қатар, маман сертификатын беруден дәлелді бас тартудың негізгі себептері туралы толық ақпарат берілді.

          Семинар барысында Тиісті дәріханалық тәжірибе стандартының (GPP) енгізілу талаптары  туралы айтылды. Сондай-ақ, фармацевтикалық қоғам өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Дата публикации
23 января 2023