«Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жобасына түсіндірме жазба

«Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жобасына

 түсіндірме жазба

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі-Министрлік)

  1. Жобаны қабылдау үшін негіздер

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) 73 және 91 - баптарына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 27-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және 2022 жылғы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына (бұдан әрі - Заң)  сәйкес келтіру мақсатында қаулысының (2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес түзетулер енгізілді

Бұйрықтың жобасында Кодекстің 27-бабына және Заңның 1-бабы 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес медицина және фармацевтика мамандарын сертификаттау көзделген.

Жобада мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тыңдауды өткізу және жоғары тұрған мемлекеттік органға ӘРПК 73 және 91-баптарына сәйкес дәлелді бас тартуға шағымдану көзделген.

Жобада Кодекстің 27-бабына және ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 249/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларының (бұдан әрі-бағалау қағидалары) 7-тармағына сәйкес сертификаттың қолданылуын алғаш рет алатын және қайта растайтын тұлғалар үшін маман сертификатын алу шектелді.

Талап етілетін сағаттар мен кредиттер бөлігінде біліктілікті арттыру жөніндегі құжаттар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларының, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша және формальды білім беру арқылы алған оқыту нәтижелерін тану қағидаларының 9-тармағына сәйкес келтіру формальды білім беру, ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – қосымша білім беру қағидалары).

Бұйрықтың жобасы ресми жариялануға тиіс және Заңға сәйкес 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дипломның электрондық көшірмесін ұсыну жөніндегі талапты алып тастау бөлігінде ЦДИАӨМ-нің ескертуіне:

18.07.2022 ҚР БҒМ-не сұраныс хат (№ 25-01-25/1931-И шығыс хаты) жолданды. «Е-лицензиялау» порталында орта-техникалық (кәсіптік), жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша дипломдар туралы мәліметтердің болуы және көрсетілген құжаттар бойынша мәліметтерді іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алу туралы ақпарат беру туралы.

ҚР БҒМ ақпараты бойынша аталған мәліметтерді толық көлемде бүгінгі күні сервистен алу мүмкін емес, өйткені қызмет көрсетушілердің берілген біліктілігі (дипломы бойынша) бойынша деректер көрсетілмейді, барлық білім беру ұйымдары 2015 жылға дейін берілген құжаттар бойынша «электрондық мұрағат» мәліметтерін толтырмады.

 

Әділет министрлігінің ескертулеріне, әрбір 5 жыл сайын маман сертификатын растауға қатысты. Әрбір бес жыл сайын растау жөніндегі норма мамандарды сертификаттау басталған сәтінен көзделген, сонымен қатар Кодекстің 27-бабының 2-тармағында денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының әрбір бес жыл сайын қолданысы расталуға жататыны айқындалған.

 

Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейді.

Дата публикации
28 ноября 2022