«Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық
инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №
ҚР ДСМ-9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық
инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
22143 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген тиісті фармацевтикалық
практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидалары осы
бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық
және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Редакциялау күні 03.05.2022
Сақтау күні 13.05.2022
Дата редакции 03.05.2022
Дата скачивания 13.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді
ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният