"2021 жылдың үздік провизоры" конкурсының нәтижелері

Баспасөз-релизі

               "Медицина қызметкерлері күні" кәсіби мерекесі қарсаңында 2021 жылғы 26 мамырда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Ақтөбе облысының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қауымдастығымен бірлесіп "2021 жылдың үздік провизоры" номинациясында өңірлік конкурс өткізді.

Байқаудың мақсаты фармацевтикалық қызметкерлердің қоғамдағы кәсіби құзыреттілігін тану, провизор мамандығының беделін көтеру және имиджін жақсарту, денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қоғамның сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және Ақтөбе облысының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Байқау бағдарламасына сәйкес, әрбір қатысушы фотосуреті бар түйіндемені, кәсіби қызметі туралы есепті және өз жұмысы туралы бейне ролик ұсынды.

Байқауға Ақтөбе облысы бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі бар провизорлар қатысты.

Комиссия жалпы кәсіби деңгейге, әлеуметтік дағдылар мен жеке қасиеттерге үміткерлерге кешенді бағалау жүргізді. Үміткерлердің жетістіктерін бағалау негізінде өңірлік конкурстың қорытындылары шығарылды.

Комиссия "Ақтөбе облысының 2021 жылғы үздік провизоры" номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын анықтады - Утарова Айгуль.

Байқау жеңімпазы - провизоры жоғары санатты, еңбек өтілі - 13 жылдан астам, бірнеше мәрте мақтау парақтарымен марапатталған.

Екінші орынды провизор -  Жабагиева Омиргуль Даулеткалиевна алды.

Үшінші орынға провизор - Есболганова Гульнара Кожахметовна ие болды.

Комиссия Утарова Айгульдің кандидатурасын республикалық конкурсқа ұсынады.

Конкурсқа қатысқаны және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қауымдастыққа және ұйымдастыру комитетіне байқауды ұйымдастырғаны үшін және қазылар алқасының мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіз керемет командасыз! Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды! Сізге одан әрі өркендеу тілейміз.

Барлық денсаулық сақтау қызметкерлерін келе жатқан медицина қызметкерлер күні мерекесімен құттықтаймыз. Сіздердің үміттеріңіз бен армандарыңыздың орындалуын, сүйікті ісіңізбен айналысуыңыздың қуанышы шабыт пен ынталандыру әкелуін, әрбір жұмыс күніңіздің кәсіби өсу мен дамуға қарай қадам жасауын тілейміз. Бақытты, сау және табысты болыңыз.

Баспасөз-релизі
Дата публикации
17 июня 2021