31.03.2021 ж. №114-НҚ "«Силует®,2 мг/0,03 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы" бұйрығы

«Силует®,2 мг/0,03 мгүлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі ААҚ«Гедеон Рихтер», Венгрия, тіркеу куәлігі№ ҚР-ДЗ-5№020986«Силует®, 2 мг/0,03 үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік затының серияларын№Т97136А, Т97131Вжарамдылық мерзімі 2022 жылғы шілдеге дейін, №Т9В089Ғ, Т9В090В сериялары жарамдылық мерзімі 2022 жылғы қарашаға дейін, сериясы №Т02147Е жарамдылық мерзімі 2023 жылғы ақпанға дейін, сериялары № Т05550Е, Т05549А,Т05548Е жарамдылық мерзімі 2023 жылғы мамырға дейінайналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалыу бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 5 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттың өндірушісі, дәрілік заттың тіркеу куәлігінің ұстаушысы, дәрілік зат өндірушісінің уәкілетті өкілі, дистрибьютор (дистрибьютордың филиалдары) шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізілген жәнеайналыстан алып қойылғандәрілік заттардың қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады;

қолында айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар бар субъектілерге қайтару қажеттілігі туралы хабарлайды (жазбаша еркін түрде).

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуынбақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

       Негіздеме:«Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №ОФ-2-55 және 2021 жылғы 16ақпандағы № 21 хаты.

 

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

Комитетінің төрағаның

міндетін атқарушы                                                Л. Ахметниязова

«Силует®,2 мг/0,03 мгүлбірлі қабықпен қапталғантаблеткалар»дәрілік затыныңсерияларын айналыстан алып қою туралы
Дата публикации
31 марта 2021