25.03.2021 ж. №109н/қ "«Диклофенак – ратиофарм, 25 мг таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы" бұйрығы

«Диклофенак – ратиофарм, 25 мг таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі «Меркле Гмбх»Германия, тіркеу куәлігі№ ҚР-ДЗ-5№003870 «Диклофенак – ратиофарм, 25 мг таблеткалар» дәрілік затының серияларын№U07547C, U07548A, жарамдылық мерзімі 2023 жылғы ақпанға дейін және №V16713E, V16714A, V16714B сериялары жарамдылық мерзімі 2024 жылғы маусымға дейін айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалыу бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 5 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттың өндірушісі, дәрілік заттың тіркеу куәлігінің ұстаушысы, дәрілік зат өндірушісінің уәкілетті өкілі, дистрибьютор (дистрибьютордың филиалдары) шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізілген жәнеайналыстан алып қойылғандәрілік заттардың қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады;

қолында айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар бар субъектілерге қайтару қажеттілігі туралы хабарлайды (жазбаша еркін түрде).

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылаутөраға орынбасары Н.А. Асылбековке жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Негіздеме: «ратиофарм Казахстан»ЖШС-ның 2021 жылғы 17ақпандағы № R-21-063 және 2021 жылғы 11 наурыздағы №R-21-173 хаттары.

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

Комитетінің төраға

міндетін атқарушы                                          Л. Ахметниязова

«Диклофенак – ратиофарм, 25 мг таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы
Дата публикации
25 марта 2021