08.02.2021 ж. №40-НҚ "«Хартил® - Д,2,5 мг/12,5 мг таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы" бұйрығы

«Хартил® - Д,2,5 мг/12,5 мг таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы      24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі «Альфамед Фарбил Арцнеймиттель Гмбх»компаниясы, Германия, тіркеу куәлігі№ ҚР-ДЗ-5№012851 «Хартил® - Д, 2,5 мг/12,5 мг таблеткалар» дәрілік затының серияларын№0010319, жарамдылық мерзімі 2022 жылғы наурызға дейін және №0020319сериялары жарамдылық мерзімі 2022 жылғы наурызға дейін айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалыу бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалыу бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 5 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттың өндірушісі, дәрілік заттың тіркеу куәлігінің ұстаушысы, дәрілік зат өндірушісінің уәкілетті өкілі, дистрибьютор (дистрибьютордың филиалдары) шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізілген жәнеайналыстан алып қойылған дәрілік заттардың қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады;

қолында айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар бар субъектілерге қайтару қажеттілігі туралы хабарлайды (жазбаша еркін түрде).

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Фармацевтический завод ЭГИС» ЖАҚ-ның 2021 жылғы 11қаңтардағы № Р-009/2021 хаты.

 

 

Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің төраға міндетін атқарушы

 

 

                  Н. Асылбеков

«Хартил® - Д,2,5 мг/12,5 мг таблеткалар»дәрілік затының серияларын айналыстан алып қою туралы
Дата публикации
08 февраля 2021