GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Медициналық қызметті бақылау
14 октября 2026
Қазақстанда дәрігерлерді сақтандыру: 2026 жылы нені білу керек?

Қазақстанда дәрігерлерді сақтандыру: 2026 жылы нені білу керек?

2024 жылдың  соңынан бастап Қазақстанда медцина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.

Бұл іс жүзінде клиникалар, дәрігерлер және пациенттер үшін нені білдіреді? Бастысын талдаймыз.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Әрбір медициналық ұйым (мемлекеттік аурухана болсын, жеке медициналық орталық болсын) жыл сайын өзінің барлық штаттық медицина қызметкерлеріне бірлесіпсақтандыру шартын рәсімдеуге міндетті.

Сақтандыру нені қорғайды?

Ол абайсызда жіберілген медициналық қателііктің салдарынан пациентке келтірілген физикалық зиянды өтейді.

Қателік болған жағдайда қанша төленеді?

Өтемақы сомалары заңмен қатаң бекітілген және АЕК-ке байланыстырылған.

Қателік болды ма, жоқ па, оны кім шешеді?

Ешқандай субъективті даулар жоқ. Қателік фактісін Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК)анықтайды. Егер зиян дәлелденсе, сақтандыру пулы төлем жүргізеді.

Медициналық қызметті бақылау
14 октября 2026
ТСК дегеніміз не және ол Қазақстанда дәрігерлер мен пациенттерді қалай қорғайды?

ТСК дегеніміз не және ол Қазақстанда дәрігерлер мен пациенттерді қалай қорғайды?

2024 жылдың соңынан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жұмыс істейді. Бұл жүйе екі тарапты да қорғау үшін құрылған: пациент өтемақы алады, ал дәрігер жеке қаржылық жауапкершіліктен босатылды.

Мұндағы негізгі буын – Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК)

Ол қалай жұмыс істейді? Қадамдық алгоритмін талдаймыз:

1.      Өтініштің түсуі

Пациент зиян келтіру туралы өтініш береді. Медициналық ұйымның қолдау қызметі оны түскен күні тіркейді. Егер өтініш Медбақылау комитетіне түссе, оны 3 жұмыс күні ішінде медициналық ұйымға қайта жолдауға міндетті.

2.      Комиссияны құру

Бұған 10 жұмыс күнінен артық емес уақыт беріледі. Медициналық ұйымның басшысы ТСК құру туралы бұйрық шығарады.

Маңызды: құрамына бейінді мамандар, медассоциациялар және сақтандырушылар кіреді. Толық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымның өзінің өкілдері комиссияға кіре алмайды.

3.      Сараптама және үкім

Комиссия құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде зерттейді (күрделі жағдайларда мерзімді ұзартуы мүмкін). Жұмыс нәтижесі – зиян келтіру фактісінің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды.

4.      Төлемдер финалы

Егер зиян расталса, қорытынды 2 жұмыс күні ішінде пациентке және сақтандыру пулына жіберіледі.

•    Пациент жедел түрде төлем алады.

•    Медицина қызметкері қаржылық шығындардан қорғалған.

Ал егер пациент шешіммен келіспе ше?  Оның ТСК қорытындысын ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитеті Департаментіне шағымдануға толық құқығы бар.

 

Медициналық қызметті бақылау
14 октября 2026
2026 жылғы 12.10. сағат 10:00-де «MOI (МОЙ) страховой брокер» ЖШС бірлескен онлайн-оқыту өткізеді

2026 жылғы 12.10. сағат 10:00-де «MOI (МОЙ) страховой брокер» ЖШС бірлескен онлайн-оқыту өткізеді, тақырыбы: «2026-2027 жылдарға арналған сақтандыру шарттарын ұзарту тәртібін, рәсімдерін және мерзімдерін түсіндіру».

Оқытудың мақсаты: 2026-2027 жылдарға арналған медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын уақтылы ұзартуды қамтамасыз ету.

Оқыту жоспары:

-         Бірыңғай сақтандыру пулының интернет-платформасының (medpul.kz) функционалына оқыту.

-         Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ұзарту рәсімдерін қадамдық көрсету.

-         Шарттарды ұзарту және сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібі бойынша практикалық кейстерді талдау.

Медициналық қызметті бақылау
14 октября 2026
«2026-2027 жылдарға арналған сақтандыру шарттарын ұзарту тәртібін, рәсімдерін және мерзімдерін түсіндіру» тақырыбында онлайн-оқыту

2026 жылғы 12.10. сағат 10:00-де «MOI (МОЙ) страховой брокер» ЖШС ZOOM платформасы арқылы «2026-2027 жылдарға арналған сақтандыру шарттарын ұзарту тәртібін, рәсімдерін және мерзімдерін түсіндіру» тақырыбында бірлескен онлайн-оқыту өткізді. Онлайн –оқытуға жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдар, сондай-ақ Департаменттің бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Әлия Абаевна Жагипарова қатысты.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
28 сентября 2026
Департамент туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпарат Онлайн қабылдау Фармацевтикалық қызмет саласындағы лицензиялау мәселелері бойынша кеңес беру

Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультация берді.
Қабылдау барысында көрсетілетін қызметті алушыға фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде GPP стандарттарын сақтау үшін қажетті негізгі талаптар мен шарттар түсіндірілді.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
28 сентября 2026
Фармацевтикалық қызмет саласындағы лицензиялау мәселелері бойынша кеңес беру

Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және лицензияға қосымша алу мәселесі бойынша консультация берді.
Қабылдау барысында көрсетілетін қызметті алушыға лицензия мен лицензияға қосымшаны алу үшін қажетті талаптар мен шарттар түсіндірілді. Кеңес толық көлемде көрсетілді, барлық қойылған сұрақтарға Департамент маманы толық жауап берді.

24 сентября 2026
Лицензиялау мәселелері бойынша ашық есік күні

2026 жылғы 22 қыркүйекте лицензиялау саласындағы 2020 жылғы № 148 бұйрыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында азаматтарға жаңадан енгізілген өзгерістер, жаңа талаптар және оларды қолдану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар қажетті құжаттарды рәсімдеу және лицензиялау рәсіміне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, азаматтарға лицензиялау мәселелері бойынша өзекті әрі қолжетімді ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
21 сентября 2026
«Кәсібилік пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі»

Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету. Осы бағыт шеңберінде медициналық қызметтерді (көмекті) көрсету саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылады.

Медициналық қызметті бақылау бөлімінде бас маман – Жағыпарова Әлия Абаевна еңбек етеді.

Әлия Абаевна денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметші болып табылады. Жоғары білімі бар, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Кәсіби қызметінде Әлия Абаевна жауапкершілігімен, жеделдігімен, байыптылығымен және қызметтік міндеттерін адал орындауымен ерекшеленеді.

Өтініш берушілердің өтініштерін қарау барысында медициналық көмектің сапасына, пациенттердің құқықтарын сақтауға және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына қатысты мәселелер бойынша білікті әрі түсінікті түсіндірмелер береді.

21 сентября 2026
«Оқитын ұлт» марафоны аясында Департамент мамандары әдеби-мәдени мұрамен танысты.

РММ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мамандары республикалық «Оқитын ұлт» оқу марафонын қолдады.

Марафон аясында Департамент қызметкерлері Әдебиет және өнер тарихы музейіне барып, әдеби және мәдени мұрамен танысты, сондай-ақ отандық мәдениеттің көрнекті өкілдері туралы білімдерін кеңейтті.

Мұндай іс-шараларға қатысу оқу мәдениетін насихаттауға, ой-өрісті кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мәдени және зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

«Оқитын ұлт» — оқимыз, дамимыз, бірге күшейеміз!

Фармацевтикалық қызметті бақылау
Медициналық қызметті бақылау
15 сентября 2026
Департамент «Оқитын ұлт» республикалық марафонын қолдады.

Қазақстанда 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін өтетін алғашқы «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына тіркеу басталды.

Марафон оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға, отандық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтардың зияткерлік және мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған. Марафонға қатысу тегін. Тіркелу жобаның ресми сайтында жүзеге асырылады: reading-nation.kz.

Марафон аясында қатысудың 7 бағыты қарастырылған, оның бірі – «Оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты. Қатысушылардың әр санаты үшін 15 әдеби шығармадан тұратын жеке тізім әзірленген.

Марафонның кітап қорында барлығы 330 шығарма қамтылған, оның ішінде 165 кітап қазақ тілінде және 165 кітап орыс тілінде ұсынылған.

 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ аталған бастаманы қолдап, «Оқитын ұлт» республикалық марафонына «Оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша қатысуда.

Департаменттің үш маманы марафонның ресми платформасында тіркеуден өтіп, оның іс-шараларына белсенді қатысуда.

Марафонға қатысу оқу мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің ой-өрісін кеңейтуге, зияткерлік деңгейін және кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

 «Оқитын ұлт» – бірге оқимыз, бірге дамимыз, бірге күшейеміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы