
Бүгін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында Бибігүл Серікқызы Иманқұлованың төрағалығымен Әдеп жөніндегі уәкілі, Департамент басшысының орынбасары Оспанова Айгүл Алмазқызы және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет ардагері Әділбекова З.А. шақырылған қонақтың қатысуымен департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау нәтижелері бойынша Департаменттің барлық қызметкерлері осы ұсынымдарды тұрақты негізде басшылыққа алуы қажет екенін айтылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Оспанова А.А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикасы бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.
Әдеп жөніндегі уәкілі-Айгүл Алмазқызы Оспанова