«Ақмола облысындағы денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша кеңес»

«Ақмола облысындағы денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша кеңес»

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке деректерді қорғау, сондай-ақ осы саладағы мүмкін болатын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп кеңес ұйымдастырды. Іс-шара «ZOOM» арқылы бейнеконференция форматында облыстың медициналық ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті. Күн тәртібінің негізгі тақырыбы медициналық ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрігерлік құпияны құрайтын деректерді аккредиттеу органына беру тыйым салу мәселелері болды. Кеңес барысында жеке деректерді қорғау және дәрігерлік құпияны сақтау саласындағы заңнамалық нормалар баяндалып, ақпараттық қауіпсіздік ішкі саясатын күшейту бойынша ұсыныстар берілді. Кеңес қатысушылары ақпараттың ағып кетуінің алдын алу және медициналық деректердің құпиялылығын қатаң сақтауды қамтамасыз ету шараларын талқылады. Іс-шараны қорытындылай келе, облыстың медициналық ұйымдары үшін пациенттердің жеке мәліметтерін қорғау маңызды жұмыс бағыты ретінде, сондай-ақ пациенттер мен медициналық қоғамдастық арасындағы сенімнің маңызды элементі ретінде атап өтілді.