Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу үшін өтінім elicense.kz. порталы арқылы беріледі. Түлектерге өтінім беру кезінде келесі әрекеттерді таңдау қажет: Әрекетті таңдау - Мамандық бойынша маман сертификатын алу (алғаш рет мәлімделген мамандыққа); Мамандықтар/мамандандырулар тізбесі - Техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары; Мәлiмделетiн мамандықтың (талаптанылатын) атауын білім туралы дипломда берілген біліктілікке сәйкес таңдау керек (Мейіргер ісі, Емдеу ісі, Акушерлік іс, Стоматология, Зертханалық диагностика, Ортопедиялық стоматология (Тіс технигі)).
Сондай-ақ, білім туралы дипломның түпнұсқасын және мәлімделген мамандық бойынша кәсіптік даярлықты бағалаудың оң нәтижесін (тестілеу нәтижесі) ұсыну қажет.