Медициналық жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа кірісу үшін дипломнан басқа клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу қажет. Бұл сертификатты ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді.
Өтініш берушілер құжаттарды өздері тіркелген аймақта немесе жұмыс орнында бере алады. Қызмет онлайн режимінде көрсетіледі. Сертификаттаудан өту және негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы Комитеттің аумақтық департаменттеріне өтініш жіберіледі және қажетті құжаттар тіркеледі www.egov.kz, www.elicense.kz.
Мемлекеттік қызмет тегін және 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Сертификаттың өзі 5 жыл мерзімге беріледі, оны мерзімі аяқталғаннан кейін растау қажет.
Қажетті құжаттардың тізімі суреттерде көрсетілген
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021699.