Мемлекеттік қызмет "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ

Лицензиялар Жеке немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша беріледі.1. 29-баптың 2-тармағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңы

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz, www.elicense.kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде-өтініш тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде-өтініш тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері

  Көрсетілетін қызметті алушы өзінің орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:

1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 10 АЕК құрайды

2) лицензияны қайта ресімдегені үшін тиісті мөлшерлеменің 10% - % құрайды

7

Жұмыс кестесі

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

2) порталда-тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі өтініш, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы Қағидаларға 3-қосымшаға және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер нысаны.

2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі өтініш;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі.

9

Байланыс деректері

87162 51-67-98, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777

Мемлекеттік қызмет "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру"
Дата публикации
17 февраля 2026