«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 26-14-2164/И, 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 26-14-2281/И, 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 26-14-111/И, 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 26-14-114/И шығыс хаттары және 2025 жылғы 8 тамыздағы № OP-241/25, 2025 жылғы 8 тамыздағы № OP-242/25, 2025 жылғы 2 қарашадағы № OP-612/25, 2025 жылғы 25 қарашадағы № OP-611/25, 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № ОР-817/25, 2026 жылғы 14 қаңтардағы № OP-1073/25, 2026 жылғы 12 қаңтардағы № OP-1006/25 сынақ нәтижелері.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасының міндетін
атқарушы Н. Беркінғали