Осы жылдың 16 мамырынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ-22 бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер заңды күшіне енеді. Бұл бұйрық «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекітуге қатысты (бұдан әрі – Қағидалар). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметке бірқатар талаптар қояды. Бұл талаптардың ең маңыздысы — медициналық қызметтің міндетті түрде лицензиялануы.
Лицензиялау – бұл белгілі бір медициналық қызмет түрімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік құжатты беру процесі.
Аталған қызметті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері (бұдан әрі – департаменттер, қызмет көрсетушілер) көрсетеді. Қазақстан Республикасының аумағында осы мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар Қағидаларға сәйкес бекітілген нысандағы өтініш пен құжаттардың электрондық көшірмелерін электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып, «Электрондық үкімет» порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz арқылы ұсынуы қажет.
Құжаттар толық ұсынылмаған немесе жарамдылық мерзімі өткен құжаттар табылған жағдайда, қызмет көрсетуші 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан негізделген жазбаша бас тарту береді.
Егер құжаттар толық болса, қызмет көрсетуші келесі әрекеттерді орындайды:
Ескерту: егер бұрын рұқсат беру бақылауы әрбір өтінім бойынша (құжаттар толық болған жағдайда) жүргізілсе, жаңа Қағидаларға сәйкес, егер өтініш берушінің өндірістік базасына қатысты лицензия қосымшасы бұрын берілген болса, онда сол базаға қайтадан шығудың қажеті жоқ (басқа кіші түрлерге, мамандықтарға өтініш берген жағдайда).
Лицензияланатын медициналық қызметтің кіші түрлері мен мамандықтары ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының лицензияланатын қызмет түрлері тізбесінің 15-тармағында көрсетілген. Өндірістік базаға шығу алдында қызмет алушы кемінде бір тәулік бұрын ескертіледі. Бақылау объектісіне бару уақыты мен күні WhatsApp мессенджері (болған жағдайда), жай телефон қоңырауы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады. Өндірістік базаға шығу ескерту жасалған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Рұқсат беру бақылауы кезінде қызмет алушы өзінің көрсеткен мәліметтерін растайтын барлық түпнұсқа құжаттарды және медициналық қызмет көрсетуге дайын екенін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Тексеру барысында қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі. Бұл тексеру ұсынылған құжаттар мен Қағидалардың 1-қосымшасындағы 8-тармаққа сәйкес мәліметтер бойынша жүргізіледі.
Жабдықтарға қатысты келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
Айта кету керек, бұл мемлекеттік қызмет қатаң белгіленген мерзімдерде көрсетіледі:
Құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап лицензияны және (немесе) лицензия қосымшасын алу қызметі – 13 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту электронды түрде рәсімделіп, қызмет көрсетушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады, порталда көрсетіліп, қызмет алушының жеке кабинетінде сақталады.
Қағидалармен толық танысу үшін сілтеме:
http://10.61.42.188/rus/docs/V2200027111#z6