Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары» туралы 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімінің 160-тармағы а) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Тіркеу куәлігін ұстаушы «Гедеон Рихтер» ашық акционерлік қоғамы, Венгрия, тіркеу куәлігінің номері 2023 жылғы 14 сәуірдегі ЛП-№000473-ГП-KZ «Мидокалм - Рихтер, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ертінді, 100 мг + 2,5 мг/мл», дәрілік затының А48002А, А49015В сериялары (партиялары) айналыстан алынып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
- Сараптама ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) 1-тармақта көрсетілген дәрілік заттың серияларынан (партияларынан) берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының әрекетін кері қайтарып алсын.
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешімді ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде растайтын құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
6.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Гедеон Рихтер» ашық акционерлік қоғам өкілдігінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № ОФ-2-194 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов