Медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуынқайта қалпына келтіру туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мына медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтірілсін:

1) «МедиДез ғылыми-өндірістік бірлестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстанөндірушісі, «Фармдезин-септо» антисептикалық құралы 50; 100; 200; 500; 1000; 5000; 10000 мл», № ҚР-ММБ-5№021480;

2) «МедиДез ғылыми-өндірістік бірлестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан өндірушісі,«Медилакт» антисептикалық құралы 50; 100; 200; 500; 1000; 5000; 10000 мл», № ҚР-ММБ-5№021479.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасысың 2024 жылғы 11маусымдағы № 209-НҚ «Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.

4.Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1)облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) «Фармдезин-септо» антисептикалық құралы 50; 100; 200; 500; 1000; 5000; 10000 мл», № ҚР-ММБ-5№021480және «Медилакт» антисептикалық құралы 50; 100; 200; 500; 1000; 5000; 10000 мл», № ҚР-ММБ-5№021479медициналық бұйымдарынтоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) «Фармдезин-септо» антисептикалық құралы 50; 100; 200; 500; 1000; 5000; 10000 мл», № ҚР-ММБ-5№021480 және «Медилакт» антисептикалық құралы 50; 100; 200; 500; 1000; 5000; 10000 мл», № ҚР-ММБ-5№021479медициналық бұйымдарынтоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме:«МедиДез ғылыми-өндірістік бірлестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 27наурыздағы № ЗТ-2025-00978272, 2025 жылғы 11сәуірдегі№ ЗТ-2025-01165023 өтініштері, 2025 жылғы 27 наурыздағы №48-2А, 2025 жылғы 11 сәуірдегі№57-1Ахаттары, Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 16 сәуірдегі№21-10-756/1300,2025 жылғы 21 сәуірдегі
№21-10-803/1340хаттары және 2025 жылғы 7 наурыздағы №173375,2025 жылғы 28 наурыздағы №173384Медициналық бұйымның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындылары.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасы                                                        Б. Жүсіпов

Дата публикации
04 июня 2025