Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м. а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 43-НҚ «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналымнан алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының м. а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 43-НҚ бұйрығына (бұдан әрі-бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы»;

2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.    Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу»;

  • 5-тармақ алып тасталсын;

4) көрсетілген бұйрықтағы қосымша осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Вива Фарм» ЖШС 2025 жылғы 22 қаңтардағы №ЗТ-2025-00219109 өтініші.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

міндетін атқарушы                                                      А. Кенжеханова

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағасының

2025 жылғы ___ наурыздағы

№ ____ бұйрығына қосымша

 

 

Кері қайтарып алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, мемлекет

№ ҚР-ДЗ-5№020302

18.04.2019

Микостер® 8 %, Тырнаққа арналған дәрілік лак

Пьер Фабр Медикамент, Франция

№ ҚР-ДЗ-5№020315

14.01.2019

Локатоп® 0.1 %, Сыртқа қолдануға арналған крем

Пьер Фабр Медикамент, Франция

 

 

 

Дата публикации
14 мая 2025