№ 128-НҚ от 19.02.2025 "«Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 35-НҚ бұйрығының күшін жою туралы"

№ 128-НҚ от 19.02.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

 

 

«Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 35-НҚ бұйрығының күшін жою туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 35-НҚ «Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы бұйрық қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне;

2) Медициналық бұйымның өндірушісіне медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасын қолданыстағы заңнаманың талаптарына 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде сәйкестікке келтіру қажеттігі туралы жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) «TAKURRA» Т1000 (Т3000) автоматты хемилюминесцентті анализатор керек-жарақтарымен» № ҚР МБ (in vitro)-0№025652 медициналық бұйымын тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) «TAKURRA» Т1000 (Т3000) автоматты хемилюминесцентті анализатор керек-жарақтарымен» № ҚР МБ (in vitro)-0№025652 медициналық бұйымды тоқтата тұруды жою туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: 2025 жылғы 18 ақпандағы № -0/8183-вн Қызметтік жазба және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 ақпандағы келісімі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасынының

міндетін атқарушы                                                   А. Кенжеханова

 

Согласовано

19.02.2025 19:26 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

19.02.2025 19:29 Исмухаметов Асет  Куандыкович

Подписано

19.02.2025 19:30 Кенжеханова  Алмагуль Жумахановна

Дата публикации
24 февраля 2025