Медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 12 айдағы Талдамалық анықтамасы

Медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімімен медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі: 1) клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттарын беру2) шетелдік мамандарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттарын беру 3) денсаулық сақтау менеджерлеріне маман сертификаттарын беру 4) медициналық ұйымдарға медициналық қызметке лицензия және оларға қосымша беру Өткен 2024 жылы мемлекеттік порталда медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімі "elicense.kz" жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша электрондық форматта -4272 Мемлекеттік қызмет көрсетілді оның ішінде Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттары берілді3735 бас тартылды305 Шетелдік мамандарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттары берілді29 бас тартылды2 Денсаулық сақтау менеджерлеріне маман сертификаттары берілді6 бас тартылды0 Медициналық ұйымдарға медициналық қызметке лицензия берілді191 бас тартылды4

Өткен 2023 жылмен салыстырғанда берілген сертификаттардың 56 пайызға өсуі және лицензиялар бойынша дәлелді бас тартулардың өткен 2023 жылдың 79 пайызына төмендеуі байқалады. Дәлелді бас тартудың негізгі себебі - құжаттардың толықтығы және біліктілік деңгейлері бойынша өтініш берушілердің дұрыс берілмеуі. Өткен 2023 жылы 2 селекторлық кеңес өткізілді (медицина қызметкерлерін сертификаттау қағидаларындағы жаңа өзгерістерді түсіндіру бойынша, кадр қызметтерімен рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзіміне бақылау тізімдерін салыстыру жүргізілді. Сол сияқты, 2024 жылы 5 селекторлық кеңес өткізілді (сауықтыру лагерлеріне лицензия беруді түсіндіру бойынша 2 көшпелі семинар және Көкшетау медициналық колледжінің түлектерін сертификаттауға құжаттарды дұрыс тапсыру бойынша 1 семинарбіліктілік деңгейі бар маман сертификатын беру бойынша 2 семинар. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушылардың 8-716-2-50-12-50 нөміріне Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін нақтылауға қатысты Күн сайын телефон қоңыраулары келіп түседі. Интернетке қолжетімділігі бар консультативтік кабинет ашылды, әр бейсенбіде онлайн режимінде консультация өткізіледі.

Дата публикации
05 февраля 2025