Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21843 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау
министрінің 28.06.2024 (алғашқы ресми жарияланған күнінен № 43 кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының Кодексі 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 №
43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму
нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024
№ 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами
ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой