№ 344-НҚ от 22.08.2024
Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг және Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия өндірушісі, «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг» ҚР-ДЗ-5№023066;
- ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия өндірушісі, «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг» ҚР-ДЗ-5№023067.
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде дәрілік заттарға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын кері қайтарып алсын.
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ өкілдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы №Р-189/2024 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушы А. Кенжеханова
Согласовано
21.08.2024 16:03 Исмухаметов Асет Куандыкович
21.08.2024 16:16 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
21.08.2024 19:29 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова