№ 342-НҚ от 21.08.2024
«FIA BIOT-YG-I иммунофлуоресценциялық анализаторы» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 маусымдағы №230-НҚ бұйрығының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 84-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «FIA BIOT-YG-I иммунофлуоресценциялық анализаторы» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 маусымдағы №230-НҚ бұйрықтың күші жойылсын.
- «FIA BIOT-YG-I иммунофлуоресценциялық анализаторы» ҚР-МБ-5№022568, өндіруші Xiamen Biotime biotechnology Co., Ltd, Қытай медициналық бұйымына берілген тіркеу куәлігін қолданысы қалпына келтірілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
- Сараптама ұйымы осы шешім туралы ақпарат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық бұйымдарға берілген өнімдердің бұрын кері қайтарып алынған сәйкестік сертификаттарының қолданылуын қалпына келтірсін.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: «FlyMed Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2024 жылғы 2 маусымдағы №9 хаты, №ЗТ-2024-04576042; ЗТ-2024-04576056; ЗТ-2024-04576070; ЗТ-2024-04576064 өтініштері бойынша «FlyMed Group» ЖШС- ның 2024 жылғы 16 тамыздағы тандау хаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушы А. Кенжеханова
Согласовано
21.08.2024 12:47 Курманбай Маншук Курманбайкызы
21.08.2024 16:01 Исмухаметов Асет Куандыкович
21.08.2024 16:16 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
21.08.2024 18:55 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова