№ 341-НҚ от 21.08.2024
«Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- Eli Lilly and Company (Pharmaceutical Delivery Systems), АҚШ өндірушісі, Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1, ҚР-МБ (ММБ)-0№024750.
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық бұйымға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын кері қайтарып алсын.
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Swixx Biopharma (Свикс Биофарма)» ЖШС-ның 2024 жылғы 2 шелдедегі №REG0255-07-2024 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушы А. Кенжеханова
Согласовано
20.08.2024 17:00 Курманбай Маншук Курманбайкызы
21.08.2024 11:24 Исмухаметов Асет Куандыкович
21.08.2024 12:19 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
21.08.2024 13:32 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова