№ 339-НҚ от 19.08.2024 «Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

№ 339-НҚ от 19.08.2024

«Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

 

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары» туралы 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімінің 10-тарауы 160-тармағы А) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг», өндірушісі «Пфайзер Мэнюфэкчуринг Дойчленд ГмбХ», Германия, тіркеу куәлігінің нөмірі ЛП-№001123-ГП-KZ дәрілік заттының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

          3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би Ви) компаниясы филиалының 2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 39 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

м.а.                                                                              А. Кенжеханова

 

 

 

 

 

 

Согласовано

14.08.2024 17:54 Тулешов К.А.

14.08.2024 18:19 Исмухаметов Асет  Куандыкович

14.08.2024 18:25 Кабденов Алишер Кайратович

Подписано

14.08.2024 19:08 Кенжеханова  Алмагуль Жумаханова

№ 339-НҚ от 19.08.2024 «Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы
Дата публикации
04 сентября 2024