№ 288-НҚ от 22.07.2024 «Кларитин®» дәрілік затының сериясын айналымнан алу туралы

№ 288-НҚ от 22.07.2024

«Кларитин®» дәрілік затының сериясын айналымнан алу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндет атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі «Байер Биттерфельд ГмбХ», Германия, тіркеу куәлігі № РК-ЛС-5№013886 «Кларитин®» дәрілік затының № DT192L1 серияларын айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалыу бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

          3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: «Байер КАЗ» ЖШҚ-ның 2024 жылғы 2 шілдедегі № 423/24 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасының

міндетін атқарушы

 

 

 

 

                                А. Кенжеханова

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

22.07.2024 15:34 Тулешов К.А.

22.07.2024 17:57 Исмухаметов Асет  Куандыкович

22.07.2024 18:22 Кабденов Алишер Кайратович

Подписано

22.07.2024 20:23 Кенжеханова  Алмагуль Жумаханова

№ 288-НҚ от 22.07.2024 «Кларитин®» дәрілік затының сериясын айналымнан алу туралы
Дата публикации
04 сентября 2024