№ 218-НҚ от 18.06.2024
Эверолимус дәрілік жабынымен Promus PREMIER™ MONORAIL™ коронарлық платина-хромдық
стент-жүйесі құрылғысы медициналық бұйымның тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- Boston Scientific Corporation, Америка Құрама Штаттары, «Эверолимус дәрілік жабынымен Promus PREMIER™ MONORAIL™ коронарлық платина-хромдық стент-жүйесі», ҚР-МББ -5№020860;
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде медициналық бұйымдарға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын кері қайтарып алсын.
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Regicom» ЖК-ның 2024 жылғы 18 наурыздағы
№ 29 хаты негізінде.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасының м.а. А. Кенжеханова
Согласовано
18.06.2024 18:00 Кабденов Алишер Кайратович
18.06.2024 18:05 Исмухаметов Асет Куандыкович
18.06.2024 18:27 Тулешов К.А.
Подписано
18.06.2024 19:23 Кенжеханова А. Ж. ((и.о Искаков Н.З.))