№ 144-НҚ от 06.05.2024 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

№ 144-НҚ от 06.05.2024

«Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар,

5 мг және 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мына дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтірілсін:

- «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг», өндірушісі «Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Демабадағы өңдірістік бөлім», Польша, ҚР-ДЗ-5№025959;

- «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг», өндірушісі «Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Демабадағы өңдірістік бөлім», Польша, ҚР-ДЗ-5№025958.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасы міндетін атқарушысың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24-НҚ «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік препаратының тіркеу куәліктерін қолданылуын тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.
  2. Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) «Дапаглисан» дәрілік затын тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) «Дапаглисан» дәрілік затын тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары А. Ж. Кенжехановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 4 сәуірдегі наурыздағы № 6001-23-00-6ап/1616 қаулысы және Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 30 сәуірдегі ұйғарымы және «Химфарм» АҚ 2024 жылғы 30 сәуірдегі №74 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                                 Н. Ысқақов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

01.05.2024 16:46 Кенжеханова  Алмагуль Жумаханова

02.05.2024 09:14 Исмухаметов Асет  Куандыкович

02.05.2024 09:21 Кабденов Алишер Кайратович

02.05.2024 09:21 Тулешов К.А.

Подписано

04.05.2024 15:02 Искаков Нұрлан Зайкешұлы

№ 144-НҚ от 06.05.2024 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы
Дата публикации
03 июля 2024