№ 136-НҚ от 29.04.2024
«Дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 82-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тоқтатыла тұруға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың серияларының (партияларының) тізбесінде реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар алып тасталсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Аббот Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
№ ЗТ-2024-03589261 өтініші және 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 107 хаты және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 15-05-699/1218 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасының
міндетін атқарушы Л. Ахметнияз
Согласовано
29.04.2024 16:42 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова
29.04.2024 17:07 Исмухаметов Асет Куандыкович
29.04.2024 17:16 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
29.04.2024 19:50 Ахметнияз Л. М. ((и.о Искаков Н.З.))