№ 91-НҚ от 01.04.2024
Дәрілік заттардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) және 7) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы Р ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары 3-тармағының 1) және 7) тармақшаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:
Хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күн ішінде Комитетке және Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне зертханалық сынақтар жүргізу үшін қажетті дәрілік заттар үлгілерінің көлемінің есептері берілсін.
Алынған нәтижелер туралы Комитетке қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлансын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
7-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Wedel pharma» ЖШС-ның № ЗТ-2024-03491632 өтініші және 2024 жылғы 11 наурыздағы № 261 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасының 2024 жылғы _
___ сәуірдегі № _____
бұйрығына қосымша
Тоқтатыла тұруға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың серияларының (партияларының) тізбесі
|
№ п/п |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Дәрілік және медициналық бұйымдардың атауы |
Өндіруші, ел |
Серия (партия) нөмірі |
|
1. |
ҚР-ДЗ-5№015100 |
Натриофолин медак, вена ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл ерітінді, 400 мг |
Лиоконтракт ГмбХ, Германия |
Сериясы Е230320D, 10.11.2025 ж. дейін жарамды, 1701 дана |
|
2. |
ҚР-ДЗ-5№015100 |
Натриофолин медак, вена ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл ерітінді, 400 мг |
Лиоконтракт ГмбХ, Германия |
Сериясы Е230320Е, 10.11.2025 ж. дейін жарамды, 3480 дана |
|
3. |
KZ85VBY00054281 |
Содиофолин, вена ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл ерітінді, 400 мг |
Лиоконтракт ГмбХ, Германия |
Сериясы E230320B |
Согласовано
01.04.2024 17:19 Кулшанов Эрик Каиргалиевич
01.04.2024 18:48 Исмухаметов Асет Куандыкович
01.04.2024 18:52 Кабденов Алишер Кайратович
01.04.2024 20:14 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова
Подписано
01.04.2024 21:43 Искаков Нұрлан Зайкешұлы