№ 57-НҚ от 28.02.2024
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), «Адамед Фарма» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 28 хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Искаков
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасы
міндетін атқарушысының
2024 жылғы ___ ақпандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-ДЗ-5№024529 |
16.04.2020 |
Миралюст®, шайнайтын таблеткалар, 5мг |
Adamed Pharma S.A., Польша |
|
№ ҚР-ДЗ-5№025472 |
15.12.2021 |
Миралюст®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10мг |
Adamed Pharma S.A., Польша |
|
№ ҚР-ДЗ-5№022369 |
06.12.2021 |
Артамаксан®, қабықпен қапталған таблеткалар, 50мг |
Adamed Pharma S.A., Польша |
Согласовано
28.02.2024 12:34 Тулешов К.А.
28.02.2024 12:38 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова
28.02.2024 12:44 Исмухаметов Асет Куандыкович
28.02.2024 12:46 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
28.02.2024 19:02 Искаков Нұрлан Зайкешұлы