№ 42-НҚ от 06.02.2024
Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), «КРКА Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 005-ОР хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасының
2024 жылғы ___ ақпандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-ДЗ-5№017612 |
06.04.2016 |
Визарсин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг |
КРКА, д.д. Ново место, Словения |
|
№ ҚР-ДЗ-5№017613 |
06.04.2016 |
Визарсин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг |
КРКА, д.д. Ново место, Словения |
|
№ ҚР-ДЗ-5№017614 |
07.04.2016 |
Визарсин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг |
КРКА, д.д. Ново место, Словения |
|
№ҚР-ДЗ-5№019063 |
23.10.2017 |
Вальсакор®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 320 мг |
КРКА, д.д. Ново место, Словения |
Согласовано
02.02.2024 09:18 Қожамұратова Айман Ақанқызы
02.02.2024 09:25 Кабденов Алишер Кайратович
02.02.2024 09:58 Тулешов К.А.
02.02.2024 16:19 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова
Подписано
02.02.2024 23:26 Искаков Нұрлан Зайкешұлы