Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг, 30 мг және 45 мг дәрілік заттарының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би. Ви) компаниясы филиалының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 175 хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг» ҚР-ДЗ-5№025660;
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг» ҚР-ДЗ-5№025659;
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 45 мг» ҚР-ДЗ-5№025658.
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов
Согласовано
11.01.2024 12:09 Тулешов К.А.
11.01.2024 20:37 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова
12.01.2024 10:13 Салыбекова Айнур Нурлыбековна
12.01.2024 11:42 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
12.01.2024 19:08 Искаков Нұрлан Зайкешұлы