«Харвони™, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 90 мг/400 мг және Виреад®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг» дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), Қазақстан Республикасындағы «Дельта Медикел Промоушнз АГ» (Швейцария) өкілдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № н/з хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
- Патеон Инк., Канада өндірушісі, «Харвони™, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 90 мг/400 мг» ҚР-ДЗ-5№022460;
- Такеда ГмбХ, Германия өндірушісі, «Виреад®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг» ҚР-ДЗ-5№020705.
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов
Согласовано
07.12.2023 14:00 Салыбекова Айнур Нурлыбековна
07.12.2023 14:17 Тулешов К.А.
07.12.2023 14:34 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
07.12.2023 20:05 Искаков Нұрлан Зайкешұлы