Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір медициналық бұйымдарды айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), «Гелий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 153 хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасы Н. Ысқақов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасының
2023 жылғы ___ желтоқсандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктері
|
№ |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Медициналық бұйымның атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
1 |
ҚР-ММБ-5№003317 |
12.06.2017 |
Протездерді дайындауға арналған i-Plast HC стоматологиялық акрилді базистік пластмасса |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
|
2 |
ҚР-ММБ-5№021951 |
05.02.2021 |
Тіс түбірі өзектерін кеңейтуге және тазалауға арналған стоматологиялық материалы, i-EDTA Solution 17% сұйықтығы құтыда 250 мл |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
|
3 |
ҚР-ММБ-5№114914 |
13.01.2021 |
Пломбалауға арналған стоматологиялық шыны иономерлік I-FIL цементі |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
|
4 |
ҚР-ММБ-5№014979 |
16.03.2021 |
Бекітуге арналған стоматологиялық шыны иономерлік I-FIХ цементі |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
|
5 |
ҚР-ММБ-5№008477 |
14.09.2016 |
Сұйықтай ағатын жарықта қататын i-Flow N® стоматологиялық композиті |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
|
6 |
ҚР-ММБ-5№015338 |
25.03.2021 |
Уақытша пломбарауға арналған, орташа консистенциялы i-PRO N стоматологиялық материалы, каптамада 38 г |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
|
7 |
ҚР-ММБ-5№022121 |
16.03.2021 |
Стоматологиялық жарықта қататын уақытша пломбалауға арналған i-PRO LC материалы, 4 г-нан 2 шприц |
UAB «Medicinos Linija», Литва |
Согласовано
06.12.2023 16:32 Салыбекова Айнур Нурлыбековна
06.12.2023 17:02 Тулешов К.А.
06.12.2023 17:53 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
06.12.2023 20:16 Искаков Нұрлан Зайкешұлы