Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), «Фармацойтише Фабрик Монтавит Гезельшафт м.б.Х.» компания өкілдігінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 06/21112023 хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасының
2023 жылғы ___ желтоқсандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-ДЗ-5№013246 |
24.05.2019 |
Цинарикс, қабықпен қапталған таблеткалар |
Монтавит Гес. м.б.Х., Австрия |
|
№ ҚР-ДЗ-5№022658 |
28.04.2022 |
Дермодрин, ішуге арналған ерітінді |
Монтавит Гес. м.б.Х., Австрия |
|
№ ҚР-ДЗ-5№018351 |
17.07.2017 |
Туссавит, шәрбат, 125 г |
Монтавит Гес. м.б.Х., Австрия |
|
№ ҚР-ДЗ-5№018352 |
17.07.2017 |
Туссавит, шәрбат, 250 г |
Монтавит Гес. м.б.Х., Австрия |
|
№ҚР-ДЗ-5№016231 |
31.03.2016 |
Тавипек, капсулалар, 150мг |
Монтавит Гес. м.б.Х., Австрия |
Согласовано
05.12.2023 20:18 Салыбекова Айнур Нурлыбековна
05.12.2023 20:32 Тулешов К.А.
06.12.2023 09:16 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
06.12.2023 20:14 Искаков Нұрлан Зайкешұлы