Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің ұсынымдарын орындау мониторингінің нәтижелері «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-ге 2023 жылы 16 ұсыныс енгізілді, олар толық көлемде орындалды.
- материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі бойынша ҚР ДСМ ҚМФК-ға хат жолданды;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жалға берушімен Департаментті басқа жалға берушілерден қоршайтын қосымша есік орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
- Үш жалпы конкурс өткізілді, олардың нәтижелері бойынша үш бас маман қабылданды (фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын мониторингілеу бөліміне екі маман және медициналық қызметті бақылау бөліміне 1 маман).
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Үлгілік қағидалардың талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізілді;
- қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру және парасаттылық атмосферасын құру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алу тұрақты негізде жүргізіледі.
- ЖК және денсаулық сақтау саласындағы қызметті ғана емес жүзеге асыратын тұлғаларды медициналық бұйымдармен жарақтандыру мәселесі бойынша ҚР ДСМ ҚМФК-не НҚА-ға өзгерістер енгізу ұсынысымен хат жолданды;
- Ережеге сәйкес мемлекеттік қызметті беру кезінде қорытындының қолданылу мерзімі бойынша НҚА-ға талаптарды енгізу мәселесі бойынша ҚР ДСМ ҚМФК-не хат жолданды;
- функцияны қосу мәселесі бойынша көзделмеген құжаттарды қабылдамау, әзірлеушіге «ҰАТ» АҚ хат жолданды;
- аудан орталығынан «қашықтық» ұғымы, километр, Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау бойынша проблемалық мәселелер бойынша ҚР ДСМ ҚМФК-не хаттар жолданды.
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі бойынша Департамент қызметкерлерін оқыту тұрақты негізде жүргізіледі;
- «Е-Отиниш» АЖ өтінішті қарау және өтініш берушілерге жауап беру мерзімдеріне және профилактикалық бақылауларды/тексерулерді ұйымдастыруға, өткізуге және аяқтауға, өтінішті уақтылы қарауға ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.
- Департамент қызметкерлері аумақтық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкерлерін планшет арқылы БЖТ-ға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді енгізу бойынша шақырумен өткізілген семинар-кеңеске қатысты;
- Ақмола облысы бойынша Амжпдсб-ға планшет арқылы БЖТ-ға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі енгізу туралы сұрау жіберілді.