Талдамалық анықтама 2023 жылғы қараша медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімі
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепке
Департаменттің қолданыстағы ережесіне сәйкес медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімі өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуде функцияларды жүзеге асырады.
Сонымен, департаменттің медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімі келесі функцияларды орындайды:
- Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
-Шетелдік мамандарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру;
2023 жылдың қараша айының өткен айында мемлекеттік порталда медициналық қызмет саласындағы сертификаттау және лицензиялау бөлімі "elicense.kz" жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша электрондық форматта-213 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттары берілді-153
- бас тартылды-29
- Шетелдік мамандарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттары берілді-2
- бас тартылды-0
- Медициналық ұйымдарға медициналық қызметке лицензия берілді-29
- бас тартылды-0.
қараша айындағы барлық мемлекеттік қызметтер мерзімдерін бұзбай көрсетілді, дәлелді бас тартулар негізделген.